Йоганы қазақ тілінде үйрету
Қазақ тілінде сөйлейтін және сөйлегісі келетін келушілерге арналған курс.
Жаттығулар Quadra yoga әдістері бойынша Квадра Йога,, бағдарламасына сәйкес жүргізіледі
Квадра Йога -тығыз ықшамдалған жаттығулар жүйесі. Бұл әдіс дене мен сана жұмысын ұйыстырып ұйымдастыруға бағытталған кешенді жүйе.
Асана ішіндегі жұмыс онымен шектелмей дұрыс тыныс алуды, зейінді қадалау дағдыларын арттырып , йоганың талаптарының бірі - медитативті практика негізін қалайды.
Жаттығулар түрленіп отырады, әр жеке сабақ мынадай бағыттардың бірін қамтиды:
-Статикалық және динамикплық жұмыс
- бет, мойын. Көз және буындармен жұмысқа арналған Йога
-Йога-нидра (басқарылатын релаксация практикалары)